Диқандар нарықтағы бидай бағасын 30 пайызға өсіру керек деп отыр. Себебі қуаңшылықтың кесірінен еккен дақылдары бітік шықпай, алған азғантай өнімдерін арзан бағаға сатуға мәжбүр. Егер астық құны қымбаттаса, дүкендегі азық-түлік бағасы да қоса көтеріледі. Бірақ шенеуніктер дәнді-дақылдың аз шығуы – сөредегі ет пен нанның бағасына әсер етпейді деп сендіріп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Биыл қуаңшылыққа байланысты бірқатар өңірлерде астық жылдағыдан әлдеқайда аз алынуы мүмкін. Мәселен, Жамбыл облысында 379 мың гектар алқапқа бидай мен арпа себілген. Қазір егінге орақ түсіп, 466 мың тонна астық жиналыпты. Ал былтыр дәнді-дақыл 357 мың гектарға егіліп, 782 мың тонна өнім алынған.

 

Ал ақмолалық шаруалар өнім өз құнын ақтамайды деп дабыл қақты. Айтуларынша, қыста қардың, көктемгі маусымда жауынның жеткілікті мөлшерде болмауынан астық та бітік шықпаған. Салдарынан, бір гектардан 12 центнер ғана өнім түсіпті. Сондықтан диқандар, тез арада бидай бағасын 30 пайызға көтеру керек дейді. 

“Қымбаттау керек. Өйткені, біз өзіміз жалынбасақ ертеңгі күні күнімізді көре алмай көбі жабылып қалады. Жанармай уже 199 теңге тұр. Сайман қымбат. Кісілерге күнкөріс керек. Балаларын киіндіру керек, оқыту керек”,- дейді шаруа Жұмабек Төлеубаев, 

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл астық өткен жылға қарағанда 20 пайызға аз болады деген болжамымен бөлісті. Әрі, сол өнім ішкі қажеттілікті толық өтеп, тіпті экспорттақа да қалады деді шенеуніктер.

“Қазақстан астық одағаның” ресми өкілі болса, диқандар өндірген өнімін қымбат бағаға сатпаса шығынға батары сөзсіз дейді. Айтуынша, астық құны өссе, ел тұтынатын ет, сүт, нан, жұмыртқа секілді тауарлар да қымбаттайды. Ал Үкімет масақты дақылдың нарықтағы бағасы көтерілмес үшін шектеулер енгізу жайын қарастырып жатыр екен. 

“Шаруалар шығынға батапуы үшін астықты қымбат бағаға сатуы қажет. Жалғыз жолы осы. Ал егер азық-түлік құны көтеріліп жатса, “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” арқылы бағаны тұрақтандыруға болады. Олардың әлеуеті толық жетеді. Сондықтан, диқандарды шектегеннен гөрі, осы нұсқаны қолданған дұрыс”,- дейді Қазақстанның астық одағы” заңды тұлғалар бірлестігінің ресми өкілі Евгений Карабанов. 

Ауыл шаруашылығы министрілігінің өкілдері, астықтың аз болуынан азық-түлік бағасы қымбаттамайды деді. Себебі биыл қуаңшылықтан бөлек елді жайлаған пандемияға байланысты да түрлі тыңайтқыштар мен дизель отыны, құрылыс материалдары секілді шаруаларға қажетті тауар құны да өскен. Бағаның құбылуына осы фактор әсер етуі мүмкін екен. Ал энергетика министрлігі күзгі дала жұмыстарын жүргізуге арзандатылған бағамен 396 мың тоннанан аса дизель отынын бөлген

Рубрика: