АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Нағыз батырлар»: Қирандының астынан көк туды алып шыққан жігіттердің әрекеті жұртты сүйсінтті (видео)[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде қирандының астынан Қазақстанның көк туын алып шыққан жігіттердің әрекеті тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Оқиға Шымкент қаласындағы стадионда болған.

Айта кетейік, «Ордабасы» мен «Ақсу» футбол клубтарының арасындағы ойында алаңның шатыры құлаған еді. Қирандының астында еліміздің көк туы да қалып қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі alash_ulandary тобында жарияланды. Кадрдан қирандының астынан еліміздің көк байрағын алып шыққан жігіттердің әрекетін көруге болады. Бұны көрген оқырмандар ер азаматтардың ерлігін жоғары бағалады.

«Жарайсыңдар», «Нағыз батыр сіздердей-ақ болсын», «Намысы бар жігіттер екен», «Басын қатерге тіккен ер азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ», — деді олар. Еске сала кетейік, кеше, 21 мамырда Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен павлодарлық «Ақсу» футбол клубтарының арасындағы матч кезінде стадионның шатыры құлаған еді. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қос ұжым арасындағы кездесу кейінге шегерілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🅐🅛🅐🅢🅗_🅤🅛🅐🅝🅓🅐🅡🅨 ☪ (@alash_ulandary)

kaz.nur.kz

 

[:]