АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мысырда қайтыс болған дипломаттың артында екі баласы мен жүкті келіншегі қалды

[:kz]

Жуырда Мысыр астанасында қазақстандық дипломаттың көз жұмғаны анықталды. Еламан Жолдасовтың туыстары болған оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Мысырда қайтыс болған дипломаттың артында екі баласы мен жүкті келіншегі қалды

Фото: «Время» басылымынан алынды

 

Қазіргі таңда СІМ-нің қазақстандық өкілінің жұмбақ өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оның денесі кіреберістен табылды.

Бұған дейін пайда болған нұсқа бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Алайда жақындары мұндай нұсқаны жоққа шығарып отыр деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.

Марқұмның бауыры Нурлана Жолдасовтың сөзінше, отбасы объективті тергеу жүргізіледі деп үміттенуде. Ер адамның пікірінше, оның туысы діндар әрі білімді адам болған. Сол себепті де оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес.

Телеарна сюжетінде дипломаттың 40 жаста болғаны атап өтілді. Ол соңғы 15 жылда Мысырда өмір сүріп, ҚР-ның елшілігінде мәдени кеңесшінің қызметін атқарған.

Еламан Жолдасов әйелімен бірге екі баланы тәрбиелеп келген. Қазіргі таңда оның жұбайы үшінші сәбиіне жүкті.

Марқұмның туысқандары істің өлім себептерін анықтамай жабылып қалалуы мүмкін екенін ойлап, мемлекет басшысынан оны жеке қадағалауына алуды сұрады.

ҚР СІМ-де қызметкерлерінің өлімі жайлы ақпаратты растады. Ведоствода қазіргі таңда осы мәселеге қатысты мысырлық прокуратураның қажетті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны атап өтілді.

Осы орайда министрлік көпшілікке үндеу жолдап, ресми қорытынды жарияланбас бұрын өз нұсқаларын ұсынбауды сұрады. Сонымен қатар, қазақстандық тараптың тергеуге қатысатыны атап өтілді.

Сондай-ақ, «Время» басылымы қазақстандық дипломаттың бауырының ҚР президентіне жазған хатымен танысты.

Басылымның хабарлауынша, ол жерде ер адамның қан жоса болып жатқан күйінде табылғаны жазылды. Оның қол-аяғы байлаулы, ал мойнында жібі бар болып шыққан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазылған хатта марқұмның туыстары осындай жағдайда табылған дипломаттың өз-өзіне қол жұмсағанына сене алмайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық дипломаттың өлімі туралы ақпарат демалыс күндері пайда болды. Бұл туралы БАҚ-қа оның әпкесі хабарлады. Әйел адамның айтуынша, туысының денесінде зорлықпен өлтірілген іздер болған, бірақ, құқық қорғау қызметкерлері мұны суицид нұсқасы ретінде қарастырып отыр.

[:]