26 февраля, 2020 Comments Off on «Мына қатында ес жоқ екен»: орамал таққан келіншек тойда сальто айналды (ВИДЕО)

«Мына қатында ес жоқ екен»: орамал таққан келіншек тойда сальто айналды (ВИДЕО)

"Асау жылқы құсап", "Жындыны жынды деген сайын, бөркі қазандай болады", "Мына қатында ес жоқ екен", "Орамал, ұзын көйлектен ұят болды-ау!?".
Бастағы орамалды қор қылған тағы бір видео әлеуметтік желіде таралып жатыр. Онда орамалды келіншектің тойда сальто айналып, келген қонақтарды таңқалдырғанын байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоға мейрамханалардың бірінде басына орамал байлап, үстіне етегі сүйретілген көйлек киген әйел адамның лезгин биін билегені түсірілген. Көпшіліктің көзінше ортаға шыққан келіншек жақсы билеп келе жатып, кенеттен тосын әрекет жасаған. Ол еш қысылмастан сальто айналып, көпшілікті таңдандырды.

"Асау жылқы құсап", "Жындыны жынды деген сайын, бөркі қазандай болады", "Мына қатында ес жоқ екен", "Орамал, ұзын көйлестен ұят болды-ау!?", "Басына орамал тартып, етегін сонша ашпаса да болар еді, билеген осы екен демей-ақ", "Сальтосы несі? Үстінде көйлек, басында орамал", "Лезгинка билесе, шалбар киіп билеп, сальто жасаса ерсі болмас еді. Күйеуінен таяқ жемеді ме екен!?", "Аздың-ау, қайран халқым, ата дәстүр салт санадан айырылып, мына қатынның атасы қайда, байы қайда, рулас жұрты қайда!?", "Осындай позорный әрекеттерді неге жасайды екен!? Тым жақсы билеп жатты да, сальто айналып бәрін шайып жіберді", "Орамалың мен ұзын етегіңе сай әрекет ету керек қой", - деп видеоны көрген желі белсенділері "өре түрегелді".

Көпшіліктің пайымдауынша, келінге мұндай ерсі әрекет жасауға болмайтын көрінеді.

Айтпақшы, ел алдында сальто айналған етектіні жақтап, "Өнерің өрлей берсін!" деушілер де жетерлік.

"Мәселен олар, "Керемет, қолыңнан келсе конышыңнан басып алыңдар. Іші күйсе тұз жаласын, көре алмай қалған адамдар", "Биден хабары бар адам екені белгілі, жарайсың!", "Өнерің өрлей берсін! Жақсы биледі", "Сонда да ұяты бар екен!", "Ей, базар жоқ, қарындасым, керемет!", "Күшті биледіңіз!", - деп жылы лебіздерін білдірді.




Загрузка...

Комментирование закрыто.