АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек деді»: Белгілі журналист Нүсіпжановтың жұбайы туралы айтты[:]

[:kz]

Сексен екі жаста өзінен 45 жас кіші қызбен шаңырақ көтерген халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов көпшілікті таңғалдырғаны рас. Белгілі болғандай, оның жұбайы – журналист Жадыра Сейдеш. Бұл орайда әріптесін қуанышымен құттықтаған журналистың кезінде «мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек» деген сөзін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінд Гүлвира Биғали   әріптесінің 82 жастағы әнші Нұрғали Нүсіпжановқа тұрмысқа шыққанын естігенде шок болғанын жасырмады. 

«Жадыра Сейдеш әріптесіміздің 82 жастағы мықты әнші Нұрғали Нүсіпжановпен отбасын құрып жатқанын естігенде шок алғанымыз рас. Алайда Жадыра КТК арнасындағы хабарларын жасаған кезде үнемі осындай өресі биік адамдармен көп әңгімелесетін», — деп жазды журналист Instagram желісінде.

Сондай-ақ, ол Жадыра Сейдештің «мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек» деген сөзін еске алды.«Тіпті екеуіміз шәй ішкен кезде үнемі: «Осындай мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек», —  дейтін еді. Соңғы уақытта Жадыра телевизиядан да көрінбей кетті. Сөйтсем, әріптесім мықты әншімен үйленіп, бомба жарып жүр екен», — деген Гүлвира Биғали әріптесіне бақыт тіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйленгені туралы хабарлаған едік. 

Stan.kz 

[:]