Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды. Екі бала мұздан құлап мерт болды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылардың айтуынша, 6 және 9 жастағы екі бала Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылындағы суару каналының жанында ойнап жүрген. Сол жерде олар мұз жарылып, құлап кеткн. Балаларды құтқару мүмкін болмады.

“Олардың денелерін судан (тереңдігі 3 метр) Жамбыл облысы ТЖМ жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі шығарып алды”, – деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.Министрлік қазақстандықтарды абай болуға, мұз бетінде жүрмеуге шақырды.

Рубрика: