АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мұрнына шеге тықты»: Ақтөбеде мектеп оқушылары қыз үшін жаға жыртысқан[:]

[:kz]

Ақтөбеде №10 мектептің 11 сынып оқушылары қызға бола төбелесіп, бір баланы сабап тастады. Жасөспірім ауруханадан бір-ақ шыққан. Қатарластарын аяусыз ұрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қызға бола қырғи қабақ болған оқушылар туралы мектеп басшылары айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мұрнына шеге тыққан": Ақтөбеде мектеп оқушылары қыз үшін жаға жыртысқан

Фото: KAZ.NUR.KZ

Оқиға 17 қаңтар күні кешкі сағат он шамасында болған.»11 «А» сыныптың мұғалімі бір оқушымызды біреу үйіңнің жанында ұрып кеткендігін хабарлады. Төбелес қызға қатысты қызғаныш сезімі үшін болған. Соққы жіберген бала жәбірленушінің сыныптас қызымен бір жылдан бері достық қатынаста болған.

Жәбірленуші қыздың ұялы телефонына жай ғана хат жазғанғаны үшін жігіт қызғаныштан оны кездесуге шақырады. Ұрған бала мен жәбірленуші бір сыныпта оқиды. Ал кездесуге онымен бірге келген екі бала басқа сыныптан. Төрт баланың да сабақтары жақсы, толыққанды отбасынан шыққан, бәрі де осыған дейін әдепсіз қылық көрсеткен емес», — дейді №10 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нәзия Елбаева.

Ал таяқ жеген оқушының анасы төбелеске себепкер болған қыз баланың баласын әлі де мазалап отырғанына алаңдайды.

«Қазір балам жақсы. Сол күні үйге қансырап келді. Мұрнының астына шеге тыққан. Маңдайының бәрі ісіп, көгеріп кеткен. Қан тоқтата алмаған соң ауруханаға жүгіндік. Балам «ертең қалай сабаққа барамын, олар видеоны таратып жібереді» деп қиналды. Қызбен сөйлескені үшін баламды қансыратып ұрып, кешірім сұратқан. Оны өздері видеоға түсірген. Видеоны қызға жіберген. Сол қыз балама хабарласып «сен кінәлі емессің, менің қателігім» деп кешірім сұраған.

Мен қазір балама телефонды бермей отырмын. Біреудің балама хабарласып, мазалағанын қаламаймын. Ана қыздың хабарламаларын өзім оқып отырмын. Ол қыз түңгі сағат 2-де менің анама телефон соғып: «бала қалай, оны көрейін деп едім» депті. Осының бәрі қыз үшін. Жігіттің қызғанышын тудыру үшін SMS-ті көрсеткен. Баламды басқалардың мазалағанын қаламаймын» , — дейді жәбірленуші оқушының анасы.

Қазіргі уақытта кінәлі деп танылған үш оқушы да сабаққа қатысып жүр. Тәртіп сақшылары олардың есепке алынғанын хабарлайды.

«Қазір оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімдер есепке алынды», — дейді Ақтөбе қаласы Астана ауданының инспекторы Салтанат Көшқалиева.

Жасөспірімдер арасында болған қылмыстан кейін полицейлер білім ордасында ата-аналар және оқушылармен кездесу өткізіп жатыр. Бала тәрбиесіне мұқият болуға ескертуде.

«Бұрын біз ішімдік ішетін отбасылардың балаларына көп көңіл аударатын едік. Қазір статистика басқа. Қылмысқа барған жасөспірімдердің жағдайы жақсы, өте жақсы деп айтуға болады. Оларға ешкім мәжбүрлеп қылмыс жасатып жатқан жоқ. Бұл балалар тойып секіріп жүр деген сөз. Тәрбиенің жетіспеушілігі.

Әке-шешесі күндіз-түні жұмыста. Баланың қолында — телефон. Оның не қарап жатқанын да білмейді. «Баламды Америкада оқытамын» дейді. Дұрыс қарамаса ол күнге жетпей қалуы да мүмкін. Бала тәрбиесіне мұқият болайық», — дейді облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ардана Саймағанбетов.

Өткен жылы облыста 122 жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылған. Үш қылмыс адам өлімімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашаға қараған түні Алматының Желтоқсан көшесіндегі караоке-бар маңында жаппай төбелес болды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын екі бірінші курс студентін ұстады

 
 

[:]