АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мүрдесі біреудің ауласына түскен: Билетсіз ұшқан ер адам ұшақтан құлап кетті[:]

[:kz]

Ұлыбританияның Лондон қаласының тұрғыны өз үйінің ауласында күнге қыздырынып жатқанда, төбеден ұшақтан құлап кеткен мүрде түскен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ер адам күнге қыздырынып жатқанда, өзінен бір метр қашық жерге адамның мүрдесі құлаған. 

Қатты шошынған жергілікті тұрғындары бірден полицияға хабарласыпты. Артынша анықталғандай, мүрде Kenya Airways әуекомпаниясының ұшағы Хитроу әуежайына қонғалы жатқанда шассидің бөлігінен мүрде құлап кеткен. 

Скотленд-Ярдтағылардың болжамынша, мүрде билетсіз жолаушыға тиесілі болуы мүмкін. Жолаушы өзімен тамақ пен су алған. Олар ер адам тығылып отырған жерден табылыпты. 

Найроби мен Лондон арасындағы әуе сапары шамамен 9 сағатты құрайды. 

Әзірге полиция билетсіз жолаушының тұлғасын анықтамады. 

 Stan.kz

[:]