АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі 6 жылдан кейін қайын атасы мен қыздарын кездестірді (фото)[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Мұрат Қожаның бірінші әйелі Айман Нұразхан арада алты жыл өткенде қайын атасы мен үш қызын кездестірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Бұл жайында Айман Нұразханның өзіInstagram парақшасында жариялады.

«Атасын алты жыл көрмеген қыздарымның бүгінгі кездесулері мен үшін өте маңызды болғаны сөзсіз. «Айман, жаным мен сендерді сағындым, келсем болады ма?» деген сөзінен-ақ жүрегім неше күннен бері тыныш таппады. Біз үшін бүгін тариxи күн.

Жүректері қатып қалған қыздарымды әбден дайындадым. Жібіту оңайға түспеді. Атам табалдырықты аттай салысымен, мен әдеттегідей фирменный сәлемімді салып, бір-бірімізді құшақтап, көзімізге жас алып көрістік.

Қыздарым да бөлмелерінен шығып, кезек-кезек құшақтасты. Кезінде атам мен енем (марқұм) келгенде дастарxанды жайнатып, қонақтарды қарсы алатынмын. Бүгін де дәл сол көрініс, тек марқұм енем арамызда жоқ.

Енемнің орны бөлек мен үшін. Атамның жүрегі нәзік, өте сезімтал болғандықтан көз жасын жасырмады. Керемет отырыс, ғажайып күйде болдық.

Атам жалғыз келмеді. Қасында Алланың қалауымен тағдыр қосқан жарымен келіп, бізді бірінші болып таныстырды. Өңі сондай жылы апа екен.

«Орта жолда атың өлмесін, орта жаста жолдасың өлмесін» деп қазағым бекер айтпаған ғой. Арамыз тым алыс болғанымен, «Ендігі өмірі қалай болады» деп уайымдайтын едім.

Бір — бірімізге бақыт тілеп, өкпе-ренішті ұмытып сағынышымызды, мауқымызды бір басқандай болдық. Қанша дегенмен қыздарымның атасы ғой», — деп жазды Айман Нұразхан.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі Мұрат Қожа мен Айман Нұразханның ортақ үш қызы бар.

Бүгінгі таңда әнші екінші рет шаңырақкөтерген.

KAZ.NUR.KZ.

[:]