АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мұғалімдер мені мазақ етті»: Алматыда интернаттан қашқан бала қандай қысым көргенін айтты[:]

[:kz]

Алматыда жасөспірім қашып кеткен интернетта түбегейлі тексеру жүріп жатыр. Қазір 15 жастағы Дамир Серікұлы үйінде. Ол бірнеше уақыт жақындарымен бірге болып, кейін сабағын жалғастырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ол өз әрекетіне өкінетінін айтты. Дамир интернаттағы мазаққа шыдамай қашып кеткенін жеткізді. 

«Мен жоғары сыныптағылардың қысымына шыдамадым. Олар мені дәретханаға апарып ұрды. Дүкенге жұмсайды. Басқа да жұмыстарды жасатады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер де мені мазақ етіп жүрді. «Топас, ешкімге пайдасы жоқ» деп атады», — деді Дамир.   

Дамир интернаттан кетіп, подъездерде, жертөлелерде түнеген. Бұл уақытта анасы өзін қоярға жер таппады. 

«Ол күйзелісте болды. Дірілдеп тұрды. Біз үйде шатырға шығып, асылып қалу туралы әңгіме айтпаймыз. Ол интернаттағы оқуын жалғастырады. Мұғалімдер мұны қаламаса да. Оның тағдырын мұғалімдер шешпейді», — деді анасы Айүл Оралбаева. 

Баланың жақындары интернаттағы бірнеше мұғалім мен тәрбиешілердің жұмысынан кетуін талап етуде. 

«Егер намсы болса, Дамирді «ешкім ұрған жоқ» деп жазуға мәжбүрлеген тәрбиеші өз еркімен қызметінен кетсін. Немесе оны басынан ұрып, жала жапқан сынып жетекшісі кетсін. Өз еркімен кетсін», — деді анасы. 

Полиция интернат тәрбиеленушісінің жоғалып кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Кәмелетке толмаған баланы ұстағаны үшін жасөспірімнің туыстары жауапқа тартылуы мүмкін.

Айта кетейік, он бірінші күні бала әпкесінің үйінен табылды. Дамир Серікұлы анасы мен балалар омбудсмені Аружан Саинмен бірге мектеп-интернат басшылығын босатуға күш салғанын айтты. Сондай-ақ ол асылып қалғысы келгенін, бірақ барлық шатырлар жабық болғанын  мойындады.

[:]