АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мөлдір Әуелбекова 60-қа толған әкесіне джип мінгізді [:]

[:kz]

Мөлдір Әуелбекова бауырларымен бірігіп, әкесіне джип мінгізді. Олар әкесінің 60 жасқа толуына орай осындай сый жасаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл қуанышымен Мөлдір Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

«Асқар тауым Есіркеп Қапайұлы 60 жасқа толды! Аллаға сансыз шүкір! Көңілін көтеріп, бала-шаға жиналып, джип мінгіздік! Тілектеріңізді жаудырыңыздар, оқып марқайып қалсын! Рақмет!» — деп жазба қалдырды ол.


Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова отбасында үш ағайындының ортаншысы. Оның Меруерт есімді әпкесі, Ерсұлтан есімді інісі бар. Әншінің өзі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. 

Естеріңізде болса, жақында Ернар Айдар да әкесінің мерейтойына орай Lexus LX570 көлігін сыйлаған еді.

 
 

[:]