Қазақстандық танымал кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов есірткімен күрестің жаңа жолдары қарастыруды ұсынды. Кәсіпкер осы мәселеге байланысты Ішкі істер министріне үндеу жасады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

– Синтетикалық есірткі мәселесі кәдімгі індетке айналып бара жатыр! Жастарымыздың 50% астамы бұл пәленің дәмін 1 рет болса да көрген! Ештемеден қорықпайтын (неге екен?) есірткі сатушылары телеграм, инстаграм, фейсбук желілерінен басқа, қара тауардың жарнамасын далаға шығарып жатыр! Қаламыздың көптеген үйлерінде, тұрғын комплекстерінде трафаретпен жазылған синтетикалық есірткі жарнамасын табуға болады. Қазақ елі 80 жылдардағы героиндық Американың жолымен кетеді деген ой бар. Өкінішке орай бұл індеттің таралуында біз жеңіліп жатырмыз. Бұны Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев мойындау керек және бұл ситуацияны қолға алып, есірткімен күрестің жаңа жолдарын табу керек. Ал оған дейін “Nur Otan” партиясы жазбаларды жоюға арналған акциясын бастауда. Жақын арада осы мәселені республикалық деңгейде қарастырады деп ойлаймын – деп жазды Қайрат Құдайбергенов.  

www.oinet.kz

Рубрика: