26 июля, 2019 Comments Off on “Мойныңды үземін”: Түрікменстан президентінің ұлы қызметкерлерін қалай басқарады

“Мойныңды үземін”: Түрікменстан президентінің ұлы қызметкерлерін қалай басқарады

Сердар Бердымухамедов Ахал уәлаятының хякімі болып тағайындалғалы бері әкімшілікте өзгертулер орын алды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі "Хроники Туркменистана" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ахал уәлаятының әкімшілік орталығы Ашхабад қаласынан сегіз километрлік жерде Аннау қаласында орналасқан. Уәлаяттық әкімшіліктің бөлімінде жұмыс істейтін қызметкердің айтуы бойынша, Бердымухамедов хәкімдіктің мекемесіне кіргенде қызметкерлердің ешқайсысы жұмыс орындарынан шықпайды. Шығуға құқықтары жоқ екен. Хякімнің кабинетіне әкімшіліктің санаулы ғана қызметкері кіре алады. 

"Барлық қызметкерлерге жұмыс орындарын тастап, сыртқа себепсіз шығуға болмайтыны айтылады. Ал сыртқа шыққан жағдайда шулауға болмайды. Ұялы телефондарды пайдалануға да тыйым салынған. Әкімшіліктің басшысы басты назарды түрлі шараларды (чара) ұйымдастыруға, өткізуге аударады. Қызметкерлерімен сөйлескенде "Мойныңды үземін!" деп айтқанды жақсы көреді", — деп ағынан жарылды ер кісі.  

Аннау қаласының бір тұрғыны хякімнің қабылдауына кірмек болған. Бірақ оған хәкім де, оның орынбасарлары да жеке мәселелермен ешкімді қабылдамайтынын түсіндірген. 

"Уәлаяттың басшылығы бізбен кездескісі келмесе, халқының проблемасы мен қажеттілігін қайдан біледі?" —  дейді облыс тұрғыны. 

Облыс тұрғындары президент ұлының бұл орында ұзақ отырмайтынына сенімді. Адамдардың ойынша, ол алты ай көлемінде хякім болып, басқа қызметке ауысады. 

Загрузка...

Комментирование закрыто.