Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қыз соққы жеген. Бұл туралы “НеМолчиKz” қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дина Таңсәрінің айтуынша, балада соққы іздері бар, миы шайқалған.

“Директор мұны басқа бір бала жасады дейді! Оған сену қиын”, – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Полиция департаменті істің тергеліп жатқанын хабарлады.

“Аталған факт ҚК-нің 141-бабы “Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау” бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істі Жетісу аудандық ПБ қарап жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады”, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

 

 

Рубрика: