АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Мирзиеев Қарақалпақстандағы толқуды шетелдік күштер жылдар бойы дайындағанын айтты [:]

[:kz]

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан астанасындағы тәртіпсіздіктерді жылдар бойы дайындалған шетелдік күштер ұйымдастырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

«Әрине, бұл шаралар бір күнде немесе он күнде ұйымдастырылған жоқ. Бұл әрекеттерді шетелдік күштер жылдар бойы дайындаған. Олардың негізгі мақсаты — Өзбекстанның аумақтық тұтастығына қол сұғу, ұлтаралық қақтығыс тудыру», — деді Мирзиеев. Өзбекстан басшысының айтуынша, тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, процеске қоғам өкілдері, депутаттар мен азаматтық белсенділер де тартылады. Сондай-ақ Мирзиеев құқық қорғау органдарының әрекеті де зерделенетінін, «егер олар заңсыз күш қолданған болса, онда олар заңға сәйкес жауапқа тартылуы тиіс» деп баса айтты. Айта кетейік, Қарақалпақстан астанасы Нүкісте бірнеше күн бұрын Өзбекстан Конституциясына енгізілгелі отырған түзетулерге қарсы болғандар наразылыққа шыққан еді. Салдарынан 18 адам мерт болды. 1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған құжатта Қарақалпақстан референдум негізінде Өзбекстан құрамынан шығуға құқығы бар егемен ел деп көрсетілген.

Алайда Конституцияға енгізілгелі отырған жаңа түзетулерге сәйкес, бұл норманы алып тастау көзделген болатын. Халықтың наразылығынан кейін Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан егенмендігіне қатысты Конституцияға енгізгелі отырған түзетулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды. Одан бөлек Өзбекстан президенті Қарақалпақстан аумағында ТЖ режимін енгізді. 

 

[:]