АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Миллионер 11 жыл тұрғызған 64 млн долларлық үйін бұзуға мәжбүр[:]

[:kz]

 

 

 

Ол қамал салуға рұқсат сұрауды ұмытып, оны тоқтатуға қатысты жасалған тыйымды жылдар бойы елемей келген.

Францияның Грасс қаласында британиялық миллионер Патрик Дитер 64 миллион доллар тұратын үй салған, алайда, оны сот шешімімен бұзуға мәжбүр. Бұл туралы 8 ақпанда «The Insider» хабарлады.

Францияның Жоғарғы соты үйді бұзу туралы шешім қабылдаған, өйткені ол қорғалатын орман аймағында рұқсатсыз салынған. Соттың шешімін орындауға Дитерге 18 ай берілді.

Үй иесі 2016 және 2017 жылдардағы сот тыңдауларында қамал салуға рұқсат сұрауды ұмытып кеткенін және оны тоқтатуға қатысты жасалған тыйымдарды елемей келгенін мойындады.

Басылымның мәліметінше, құрылыс жұмыстары 2000 жылдан 2011 жылға дейін жүргізілген. Дайын үйде бірнеше демалыс орны, кітапхана, XV ғасырдағы камин, шарап залы бар жертөле және италиялық баққа қарайтын ас үй бар.

Сарайда 36 адамға дейін емін-еркін жүріп, тұра алады.

 

 

 BAQ.KZ

[:]