АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мешать етпеңізші»: Қорғаныс министрі Арыс туралы сұрақ қойған тілшіге жауап бермей қойды (видео)[:]

[:kz]

Қорғаныс министр Арыстағы жарылыс туралы сұрақ қойған 31 арнаның тілшісіне жауап беруден бас тартты. Өзінің бұл әрекетін «арна ақпаратты бұрмалайды» деп түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz бағдарламасына сілтеме жасап. 

Арна тілшісі сөзін «Арыстағы кешегі жарылысқа қатысты» деп бастаған болатын. Осы кезде қорғаныс министрі басқа тілшілерге қарап «Кім сұрақ қояды?» деп сұрайды. Кейін журналист «Менің сұрағыма әдейі жауап бермей тұрсыз ба?» дегенінде «Мешать етпеңізші. Бөгет жасамаңыз. Сіз дұрыс мәлімет бермейсіз. Қашан болса да, менің сөзімді бұрмалап айтасыз. Сондықтан сіздің сұрағыңызға мен жауап бермеймін» деді Ермекбаев. 

Басқа журналистерге берген жауабында министр Арыстағы қару-жарақ жою жұмыстарына мерзімдік борышын атқарып жатқан жауынгерлер жіберілмейтінін айтты. Тек білікті саперлер мен арнайы дайындығы бар инженерлер ғана жұмылдырылды деп отыр. 

Нұрлан Ермекбаев бұл жұмыстардың әскерилердің өміріне қауіпті екенін де жоққа шығармады. 

[:]