АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Меркель Навальныйға арнайы ұшақ жіберді[:]

[:kz]

Германия дәрігерлері Навальныйды Берлин ауруханасына ауыстыруға рұқсат алу үшін Ресей билігімен байланысып жатыр.

Германия Омбы ауруханасында ес-түссіз күйде жатқан Алексей Навальныйға медициналық ұшақ жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап. Бұл туралы Германияның ақпарат құралдарына сілтеме жасаған AFP агенттігі хабарлады.

Бұған дейін медициналық құралдармен жабдықталған арнайы мамандар мінген борт Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат бірде ұшады деп айтылған еді. Оппозициялық саясаткерге Берлиндегі Шарите ауруханасы көмектесуге дайын.

Германия дәрігерлері Навальныйды Берлин ауруханасына ауыстыруға рұқсат алу үшін Ресей билігімен байланысып жатыр.

Осыған дейін Германия мен Франция басшылары Навальныйды Еуропада емдеп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеген.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков тиісті дәрежеде өтініш жасалса, Навальныйды эвакуациялау бойынша көмектесуге уәде берген.

Навальный штабы саясаткерді эвакуациялау үшін қажетті медициналық құжаттарды алуға көмектесулерін сұраған, алайда бейсенбі күні кешке дейін штаб өкілдері Омбы ауруханасының бас дәрігерінен құжат алмаған.

Дереккөзге сүйенген Baza басылымы Навальныйда ми ісіге пайда болғанын жазды. Басылымның жазуынша, дәрігерлер оның нақты неден уланғанын әлі айта алмай отыр.

[:]