АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Менің де інім бар»: Алтынай Жорабаева 10 жылға сотталған жас жігітті қорғап шыр-пыр болды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Анасы жоқ, жетім бала. Әліби Меруерт Өтекешова апайымыздың шеберханасында шыңдалып жатқан студент

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева әріптестеріне үндеу жолдап, Әліби есімді жас жігіттің басына қиындық түскенін хабарлады. Өнер иесінің айтуынша, әлгі жас жігіт әлі студент екен. Өткен оқу жылының аяғында жұмыс істеп, қаржы табу мақсатында балалар лагеріне жұмыс жасауға барыпты. Сол кезде оған жазғы лагерде демалып жатқан жасөспірімдер жала жапқан көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жорабаеваның сөзінше, Әліби балалардың жаласының құрбаны болып отыр. Ендігі кезекте әнші 8 айдан бері темір торда отырған жігіттің өмірі үшін араша түскісі келеді. 

«Үнемі шындық іздеп, халықпен етене араласып, халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлап жүретін Бибігүл Дәулетбекқызының парақшасынан Әліби деген жап-жас балаға араша түсіп, әділдік сұрап жатқанын көріп қалдым да мен де бей-жай қарап отыра алмадым. 

Әліби Өтепберген Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенті екен. Анасы жоқ, жетім бала. Өткен жылы жазда 2-курсты аяқтаған соң, ақылы бөлімде оқитын болғандықтан жазда ақша табуға лагерьге барған. Айналдырған 4-5 күннің ішінде жасөспірім балалар жапқан жаланың құрбаны болыпты. Содан 8 ай түрмеде жатқан Әлібиді наурыз айының соңында 10 жылға соттау туралы үкім шығыпты. Әліби Меруерт Өтекешова апайымыздың шеберханасында шыңдалып жатқан студент. Өзі топ старостасы. Тәрбиелі, өнерлі, көпшіл жігіт. Өнердегі ізбасарымыз. Осы бір жап-жас жігіт туралы достарының, халықтың жазып жатқан пікірлерін оқысаңыздар бір жаман пікір таппайсыздар», — деп ол жайлы бар білетін ақпаратымен желідегі парақшасында бөлісті. 

Мұнан бөлек, дәл осындай істің кез келген адамның басына түсуі мүмкін екендігін жеткізді.

 «Бұл баланың орнында кез келген адам болуы мүмкін. Менің де інім бар, Құдай сақтасын, осындай күн туса мен де шырылдаймын. Жақында Ақтөбе облысында аппеляциялық сот өтпекші. Сол сотта Әлібидің ақталып шығуына қолдау ауадай қажет! Темір тордың арғы жағында отырған Әліби көпшіліктің қолдауына зәру. Жазықсыз жаланың құрбаны болған жетім балаға қолдау көрсетейікші, ағайын! Әріптестер, сіздер де бейтарап қалмаңыздар!», — деп басына іс түскен балаға қолдау білдіруге ниетті екендігін білдірді. 

Айтпақшы, оның бұл үндеуін актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева да қолдай жөнелді. 

 

[:]