АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Менің де анам қарапайым отбасынан шыққан»: Әли Оқапов бес балалы анаға көмектесті[:]

[:kz]

Бес баласын жалғыз баққан анаға халық әртісінің ұлы қайырымдылық көрсетті. Күйеуінен күдер үзген келіншек ұл-қыздарына қыстық киім алып бере алмай, шарасыз отыр. Алматыда пәтер жалдап, жан баққан ананың арманы не? Бала-шағасын тағдыр тәлкегіне тастаған безбүйрек әке қайда жүр? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп.

«Әлеуметтік көмек болған соң, біздің мақсатымыз қоғамдағы  мәселелерге көңіл аудартып, сіздердің жандарыңызда бар екенмізді білдірту. Халықтың қуаты бірлікте дейді. Біз бір екенімізді жеткізу», — деп Али Оқапов бес баласын жалғыз өсіріп отырған анаға қолдау білдірді. 

«Бес баланың анасымын. Үлкенім 3 сыныпта, кішім тоғыз айлық. Пәтер жалдап тұрамыз. Әкеміз бізді тастап кеткен. Басқа әйелмен тұрады», — жалғызбасты ана Нұрмамбетова Салтанат.

Әкелері жәрдемақы төлеу былай тұрсын, жағдайларын сұрап келмейтін көрінеді. 

«Кіші баламды балабақшадан шығарып алғаныма бір ай болып қалды. Төлеуге ақшам жетпейді. Үлкен балам сабаққа бірде барады, бірде бармайды. Апайы күнде хабарласып ұрсады. Әлі жаздық аяқ киіммен жүр. Қыстық етік алып беруге жағдайым жоқ. Әкеміз көмектескен былай тұрсын, балаларын келіп, көріп кетпейді. Әкеміз тиіп тұрған жерде тұрады», — деп мұңын шақты ана. 

«Ең бастысы мойымаңыз. Жағдай қиын. Бірақ менің байқағаным, сіз бақытты анасыз. Балаларыңыз сау, денсаулығы мықты, тәрбие көрген. Осындай қиындық көрген отбасыдан мықты азаматтар шығады. Менің анамның өзі алты баласы бар, қарапайым теміржолшылар отбасынан шыққан. Сол кезде 20-30 жылдан кейін Роза Рымбаева болып шығатынын кім білген?! Сіздің де балаларыңыздың арасында болашақ жұлдыздарымыз барына сенемін», — ыстық тілгін білдірді Оқапов.

Әли Оқапов қайырымдылық эстафетасын барша әріптестеріне және достарына жолдады. Оның ішінде Нұржан Керменбаевқа жолдады.

 

[:]