АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Менен бір қап картоп»: Өзге ел басшылары Тоқаевты туған күнімен қалай құттықтады?(видео)[:]

[:kz]

Бүгін, 17 мамыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Қазақстан президенті 66 жасқа толды. Мемлекет басшысы жақындарынан, туыстарынан, достарынан, әріптестерінен құттықтау қабылдауда. Желі қолданушылары да Тоқаевқа жылы лебіздерін жеткізуді ұмытқан жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
фото: Ақорда

фото: Ақорда

Instagram желісіндегі TokayevTeam тобында Тоқаевты шетел президенттері құттықтаған әзіл видео жарияланды. Кадрдан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзииеевтың мессенджендің бірінде «Туған күн» атты топ ашқанынын, ол жерге Александра Лукашенко, Дональда Трамп, Си Цзиньпин, Реджепа Эрдоган, Гурбангулы Бердымухамедов бастаған мемлекет басшыларын қосқанын, Владимир Путиннің топқа өзі қосылып алғанын байқауға болады.

Әрі қарай президенттер өзара туған күн иесіне қандай сыйлық беретіндерін талқыға салады. Белоруссия көшбасшысы бір қап картоп, Бердымухамедов рэп, Путиннің атынан Медведевтың би ұсынғанын әзілге қосқан.

Келесі видео-әзілде автор Тереза Мэй, Трамп, Путин, Лукашенко және Барака Обаманың сөздерін қиып құттықтау жасап шығарған.

Сондай-ақ, мемлекет басшысын төл мерекесімен құттықтаған қазақстандықтардың да видеосы пайда болды.

 
  

[:]