Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаев төрағалығымен “Нұр Отан” партиясының XVIII съезі өтті. Елбасы өз сөзінде көп балалы отбасылардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді тапсырды. Алайда, мұндай жәрдемақы барлық отбасыға берілмейді, ал көп балалы отбасы болуы үшін – кемінде үйде 4 бала болуы керек екен. Осыған орай журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

“Менде көп бала жоқ. Көптен бері бала да жоқ…
Бірақ… бес тиын қоса салайын… Көп бала жақсы, бірақ… “көп бала” дегеннің неше бала екенін біле алмай отырмын. Егер төрт бала болса- көп бала, үш бала- не бала?)))
Меніңше, бір бала болса да- бала! Неге Үкімет бала 1 жасқа толғанша ғана жәрдемақы төлейді де, тоқтатады? И при этом, баяғы сәбет кезіндегідей ясли деген жоқ. Баласын тастап кетіп, өртеп, қуырып алып, тұншықтырып, этаждан құлатып алып жатқандар- осылар емес пе?
“Өртеу” мен “этаждан құлауды” түсіндіңіздер, ал менің журналистік тәжірибемде… бір жасар баласын үйге тастап кетіп, ол басына целлофан қалта киіп алып, шеше алмай тұншығып қалғаны бар. Бір жасар баласын тастайтын жер таппай… арқасына салып алып, бір садақада бауырсақ қуырып тұрғанда… бала басынан асып кетіп… қазандағы майға қуырылғаны… Сұмдық па? Сұмдық!
Бір жасар баласын белінен байлап кетіп… жұмысқа кетіп… ана бала үйдің сәкісінен еңбектеп түсіп кетіп… белінен байлаған тұзақ мойнына ілініп… асылып қалғаны ше? 
Кешіріңдер! Бірақ бір бала да- бала! Нечего… төрт бала туғанша күтіп… “
Шара Тұрмағамбетова” – дейді журналист Сәуле Әбілдаханқызы.

 

Ұсынған: Назерке Лабихан

«Қамшы» сілтей

Рубрика: