12 апреля, 2019 Comments Off on “Мен ұзатып едім”: Жазира Байырбекова Арман мен Ашаның “ажырасқанын” естігенде шошып қалған

“Мен ұзатып едім”: Жазира Байырбекова Арман мен Ашаның “ажырасқанын” естігенде шошып қалған

Арман мен Аша кезекті клиптеріне пиар жасаймыз деп әріптестерін де әбігерге салды. Жұлдызды жұптың шаңырағы шайқалды деген ақпаратты естігенде ең бірінші болып Жазира Байырбекова алаңдап қалған. Себебі кезінде Ашаны ұясынан ұзатқан өзі еді. 

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ашаны мен ұзаттым ғой. Екеуі ажырасса менің атыма сын келеді ғой. «Аша, сен де жақсы адамсың, Арман да жақсы адам. Бірақ екеулеріңнің бір тіл табыса алмай жатқандарыңды қарашы» деп айттым Ашаға", - дейді Жазира Байырбекова. 

"Жазира ханыммен бірде көрісіп қалған кезде: «Ойбу, бұл сондай бір жарнамаларың болған ба? Мен шошып кеттім. Хабарласайын ба деп уайымдап жүрсем. Хабарлассам тағы да қабаттасып кетемін бе деп ойладым. Не деп айтамын? Маған ренжитін болар», - деп кәдімгідей саған уайымдап жүрмін ғой деді", - дейді Аша Матай.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.