16 октября, 2019 Comments Off on Мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпеген азаматтар жауапқа тартылды

Мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпеген азаматтар жауапқа тартылды

Атырау қаласында шағын футболдан ашық турнир кезінде мемлекеттік әнұранға құрмет көрсетпеген екі азамат жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Kazislam.kz.

 
 

Кадр Kazislam.kz видеосынан алынды

Кадр Kazislam.kz видеосынан алынды

 

28 қыркүйекте Атырау қаласындағы "Шапағат" деструктивтікдіни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер арасында шағын футболдан ашық турнир өткен болатын.

Жарыстың басында ҚР әнұраны орындалған сәтте оң қолын жүрек тұсына қоймаған, яғни мемлекеттік рәмізге құрмет көрсетпеген еліміздің екі азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылды.

Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Осы оқиғаға байланысты Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев өңірдің ішкі саясат басқармасы мен Атырау қаласы полиция басқармасына тиісті шара қабылдауды сұрап, хат жолдаған болатын.

Соған сәйкес, өңірдегі бірнеше басқарма әкімшілік жауапкершілікке тартылған екі азаматпен ҚР мемлекеттік рәміздер туралы заңы аясында түсіндірме жұмыстары мен профилактикалық кездесулер жүргізеді.

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.