АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мектеп кезіндегі Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы архивтер сөйлейді (видео)[:]

[:kz]

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыдан 50 жыл бұрынғы сенбілікте жүрген видеосы елге жол тартты. Бұл видеокадрды Берік Уәли мырза өз Facebook желісінде жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президент міндетін атқарушының балалық шағын елге таныстырғысы келген ақ-қара түсті кадрлар топтамасы өте жоғарғы деңгейде сақталған. 1969 жылы түсірілген бейнематериалды желісіне жүктеген Берік Уәлидің айтуынша, бұл сенбіліктен үзінді.

«Осыдан тура 50 жыл бұрын таспаға басылып қалған құнды видеокадрлар. Алматыдағы №25 мектептің 10 сынып оқушылары сенбілікте жүр. Таныған да боларсыздар, араларында қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бар»,- делінген жазбада.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]