АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мейрамбек Беспаев қызылордалық әжені ерекше қуанышқа бөледі (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев желі арқылы қызылордалық әжемен байланысқа шыққан еді. Көп ұзамай әжеге Мейрамбектің атынан сыйлық табысталды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

«Саламатсыз ба апа! Мейрамбек балаңыздың сәлемдемесін арнайы Алматыдан алып келдім. Мынау сізге шәй ішсін деген тәттісі мен арнайы камзолы. Мейрамбек балаңыз сәлем айтып жатыр, жүз жасасын дейді. Немере шөбереңіз көп болып, шөпшек сүйсін», — дейді видеода сәлемдемені жеткізуші Мәмбетжан.

Қуанған әже оларға тілегін білдіріп, алғысын батамен жеткізді.

«Өзі де мың жасасын балаларының рахатын көрсін. Ауырып жүр дегенсоң, әжептеуір уайымдап қалдым. Қазақтың аты шығып жүрген баласы еді деп тілеуін тіледім. Мейрамбек баламды Қыдыр баба қолдасын», — деп әжей де әншіге ақ батасын жаудырды.

 

[:]