АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мейрамбек Бесбаев: Киноға бірге түскен қызды іздеп әрең таптым, сөйтсем ол Ақан Сатаевтың жары екен[:]

[:kz]

Қазақтың қоңыр дауысты әншісі Мейрамбек Бесбаев тікелей эфирде сұхбат берді. Әнші Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен тікелей эфирде онлайн әңгіме өрбіді. 

Мейрамбек Бесбаев балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жаңалықтарын бөлісті. «Бозторғай» әнін шырқап жүрген бала Мейрамбек Алтынбек Қоразбаевпен қалай танысты? Киноға қалай түсті? Музарт қалай құрылды? Сұхбат осы жайында болды. 

 

«Мен бала күнімде домбырмен ән салып, байқауда өнерімді көрсеттім. Алтынбек көкем сол жерде әділқазы қатарында болды. Маған сода көзі түсіп, кейін мені алып кетті», — деп басты әнші әңгімесін.

Алтынбек Қоразбаев бала Мейрамбекті тек ән айтқызып қоймай, әнді санасынан өткізіп, түсініп айтудың жолын іздеген. 

«Бозторғай» әнін айтар алдында мені көкем жетімдер үйіне апарды. Небір балалармен таныстырды. Бұлар да сен секілді балалар. Бірақ ата-анасы жоқ. Балалық шағы осында өтеді. Жетім балалар деп жағдайын айтты. Менің жүрегім ауырды. Әнде осындай балалардың тағдыры айтылған деп ұғындырды. Мен әннің не туралы екенін білген соң түсініп шырқадым. Содан болар жүректерге жетті. Менің соншалық әнді сезініп шырқағанымды ел соншалық жақын қабылдады. Менің өзімді жетім бала екен деп жатты. Алтынбек көкем әнді жаттатқызып, айтқыза салса да болар еді, бірақ өйтпеді. Мен түсіну үшін көзіммен көрсетті. Ол кезде жетім жайлы, қарттар үйі жайлы айтуға болмайтын. Бірақ соған қарамастан жетімнің жайын қозғаған көкемнің әрекетін  мен ерлікке балар едім», — деді әнші ағынан жарыла. 

Мейрамбек «Бозторғай» әнін кейін мүлде орындамай кетті. Сөйтсек ның да өз себебі бар екен. 

«Ән менің бала даусыммен айтылып, елдің есінді сол дауыспен қалды. Кейін де орындап жүрген болар еді. Бірақ жасөспірім шақта ер балалардың даусы өзгереді. Менің де даусым өзгерді. Ол ән бала дауыспен жақсы шықты. Сондықтан әнді құртқым келмеді», — деді Мейрамбек Бесбаев.

Әнші «Қоштасқым келмейді» фильміне бірге түскен актрисамен бүгінде араласпайды екен.

«Нәзирамен араласпай кеттік. Мен оны іздеп таппадым, кейін таптым. Ол Ақан Сатаевтың жары екен. Сәлем айттым. Ол кездер керемет кездер еді ғой. Еске алатын аяулы сәттер», — деді әнші. 

Ал, бүгінде Музарт тобы 20 жылдық мерейтойға дайындалып жатыр. 

https://stan.kz/meyrambek-besbaev-kinoga-birge-tusken-kizdi-izdep-aren-330167/

[:]