АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Масқара: Тараздық келіншектердің тойдағы ойыны желі қолданушыларының ашуына тиді (видео)[:]

[:kz]

Осыдан біраз уақыт бұрын Тараз қаласында өткен тойдағы бейәдеп ойынның видеосы желіде тарап оқырмандардың қатал сынына түсті

Дәулет Махан есімді асабаның желідегі парақшасында пайда болған видеода әйелдердің той үстіндегі бір белдікке таласып, ойнағаны көрсетілген.

Асабаның желідегі жазбасына сүйенсек, той Тараз қаласындағы танымал мейрамханалардың бірінде өткен.

Тойдағы мәдениетсіз ойындар мен шектен тыс әдепсіздіктерге күйінген ол:

 
 

«Бұл Тараз қаласындағы мейрамxанада болған оқиға. Асабасы кім екенін білмеймін. Бірақ, ойынға шыққан апай баспен құлап ,сол жерде есінен танып қалды. Құрметті асаба, аға бауырлар, той деген мәдениетті орта. Бұндай ынғайсыз ұятты ойындар ойнатып, келеңсіз жағдайға ұшырап қалмаңыздар! Тойды мәдениетті басқарып, элитаға жұмыс жасайық. Арзан әзіл, болмашы қалжың «дешевый теманы» тоқтатайық», — деп жазды.

Той үстінде белдікке таласқан әйелдерді желі қолданушылары да сынап тастады.

«Қандай масқара ойын мынау?! Жұртты күлдіреміз деп ойына келгенін жасайтын болды ғой», «Көргенсіздік», «Сол ойынға қатысып отырған адамдарда ес жоқ. Ұят емес пе, қалай үлгі боламыз жастарға», — деп жазды

kyn.kz

[:]