“Маска шоуында” бүркітті сомдаған Әмре шоудың әділетсіз болып жатқанын, кімнің орын алатынына дейін айтып берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Ашығын айтқанда” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Халықаралық байқаулардың жүлдегері болып жүргенімен, өз елінде жеңіске жете алмай жүрген әнші еліміздегі жобалар әділетсіз өтететінін ренішпен жеткізді. 

Тіпті, қазіргі таңда көпшіліктің қызықтырып отырған “Маска шоуы” жобасының да жүлдегері анық дейді Әмре. “Сол белгіленген адам орын алса, мен қуанамын” деді. 

“Менің орын алмауымның себебі, біздің жобаларға шум керек Әмре орын алмады деген. Кейбіреулері біздің балаға орын керек, Әмре ол Әмре ғой енді ол, біздің бала бар ғой деген сияқты әңгімелер болады деп ойлаймын. Ал, енді енді кейбір жобаларға рейтинг керек. Ол әншінің 5-10 миллион қаралымдары бар (яғни, әншінің айтуы бойынша хитмен той әншілері). 

“Маска шоуын” басында түсінбедім. Мен ойладым, сені танымаса, ары қарай өте бересің деп ойладым. Шартын түсінбедім. Сондықтан барымды салдым. Биімді бәрін өзгерттім. Турдан турға өте келе, сөйтсем оның консепті басқа екен. Ол жоба дұрыс өтіп жатқан жоқ деген әңгіме емес. Расымен, қазылар алқасына ұнамаса алып тастайды екен. Жасыратыны жоқ бұл жобада кем дегенде өзімді финалда көрем деп ойладым. Бірақ, өзімді бірінші орынға қоймадым. Жобада орын алатын арыстан немесе арқар екенін түсіндім. Финалға өткен маскілер  көіңілімнен толықтай шықты деп айта алмаймын. Кәсіби де, көреремен ретінде қарадым. Финалда бүркіт болу керек еді…, деп  сөзін жалғады әнші. 

 
Караван жаңалықтары – https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Рубрика: