АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Марат, Қайрат, Саматтар емес, 15 баланы Паша тудырыпты дегенде күйесің бе, күймейсің бе?[:]

[:kz]

Әншейінде «ата-бабаларымыз 10-15 баладан таптырған, біз де еркекпіз, 18-дегі қызды картайтамыз» деп көпіргенде алдыларына жан салмайды-ау, шіркіндерім! Айқын секілді жігіттер жүр «екі әйелді бірдей бағындыру қиын екен» деп еңіреген де етегі жасқа толардай боп.

Енді бір» батырлар» бар, біріншісін қарқ қыла алмай жүріп, екіншісіне тығылып барып, өтірікті судай сапыратын. Әуел десең, жұмыс істеп, бала-шаға асырамақ түгілі, жайы келсе өзінен үлкен жесір әйелдің қолына кіріп алғанды жөн көретіндерді де көріп жүрміз. Көп әйел алуды авторитет санап, сандалғанша бір әйелге 15 бала тудырып, асырап көріңдер, мықты болсаңдар!

Ал Қазақстан азаматтарының санын көбейтуге зор үлестері үшін солтүстік қазақстандық Павел мен Татьянаға мың алғыс. Ешкімді жазғырмай-ақ, жаһанамға жар салмай-ақ, үндемей үлкен іс тындырып жүр. Бала-шағасының қызығын көрсін!

facebook.com  парақшасынан 

[:]