16 июня, 2019 Comments Off on Маңғыстауда балақай саусағына киген болтты қайта шығара алмай қалған (фото, видео)

Маңғыстауда балақай саусағына киген болтты қайта шығара алмай қалған (фото, видео)

Маңғыстау облысында кішкентай тұрғын ойнап жүріп, саусағына киген болтты қайта шығара алмай қалған. Балақайдың қолында кептеліп қалған болтты дәрігерлер арнайы құрылғымен кесіп алуға мәжбүр болған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасындажазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Фото: Азамат Сәрсенбаевтың Facebook парақшасынан алынды

Фото: Азамат Сәрсенбаевтың Facebook парақшасынан алынды

Сәрсенбаевтың сөзінше, 12 маусым күні шамамен кешкі 20:30 шамасында облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне ортаңғы саусағында болт кептеліп қалған баланың ата-анасы жүгінген.

Бір сағат көлемінде дәрігерлер ТЖ қызметкерлерімен бірлесе аталмыш затты баланың саусағынан шығаруға барын салған. "Операцияның қиындығы сол темір болтты аралау кезінде ол қыза бастады. Сөйтіп балақайға ауыртпалығын тигізді. Сондықтан дәрігерлерге наркоз қолдануға тура келді. Қуанышымызға орай болтты алынып, бәрі сәтті аяқталды. Қазіргі таңда бала өзін жақсы сезінеді. Ем қабылдап жатыр", - деп хабардар етті Сәрсенбаев.

Балақайдың ата-анасы, үйінде жөндеу жұмыстары кезінде ағасымен ойнап жүрген бала ортаңғы қолына болтты киіп, ақырында оны өздігінен шығара алмай қалғанын айтады.

Ақырында олар ақ халаттылардың көмегіне жүгінуге тура келген.

 
 
Загрузка...

Комментирование закрыто.