АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Мамайдың партиясын Тасмағамбетов қаржыландырады» — Ирак Елекеев (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Инсайдерлердің сөзіне қарасақ, Жанболат Мамайдың партиясына қаржылай көмектесіп жатыр деген сөз бар. Оның өтірік-расын қазір мен білмеймін. Сосын болашақ президенттік сайлауға түседі деген әңгіме тағы бар.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы сайлауға сенбейді. Ал Иманғали Тасмағамбетов келесі президент сайлауына түсуі мүмкін және ол Жанболат Мамайды қаржыландырады-мыс. Мұның бәрі экс-депутат Ирак Елекеев пен журналист Мақпал Мейірбекқызы бірлесіп шығарған Youtube видео желісіндегі жаңа бағдарламада айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы arasha.kz сайтына сілтеме жасап.

Аға буын мен жас буын арасындағы пікір, ұстаным қайшылықтары мен қазіргі қоғамдық-саяси өмірдегі түрлі жағдайларға қатысты екі түрлі көзқарасқа құрылған пікірталас форматындағы бағдарламаның алғашқы қонағы – сенатор Мұрат Бақтиярұлы.

Бағдарлама басында Иманғали Тасмағамбетовтің «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбаты сөз болды. Осы тұста Ирак Елекеев инсайдерлік ақпаратқа сілтеме жасап, Тасмағамбетов келесі президент сайлауына түсуі мүмкін және ол Жанболат Мамай қозғалысын қаржыландырады-мыс деген ұзынқұлақтың болжамдарын айтты.

«Иманғали Нұрғалиұлы «Қазақ әдебиеті» газетіне сұхбат берген екен. Оқыдым. Ол маған екіжақты әсер етті. Біріншісі – өзінің аман екенін көрсетіп, халықтың есіне түсіру. Екінші жағынан, инсайдерлердің сөзіне қарасақ, Жанболат Мамайдың партиясына қаржылай көмектесіп жатыр деген сөз бар. Оның өтірік-расын қазір мен білмеймін. Сосын болашақ президенттік сайлауға түседі деген әңгіме бар. Ал мен өз басым кешегі президенттік сайлауға неге түспеді екен деп ойлаймын. Біраз халықтың пікірлерін естідім. Өз еркімен кеткен жоқ…», — деді Ирак Елекеев.

Сондай-ақ, ол Тасмағамбетовтің Үкімет басшысы кезінде жер дауы мәселесі басталғанын және Шаңырақ оқиғасын алға тартып, оған сол үшін кінә артуға болатынын жеткізді.

Жалпы, бағдарлама барынша ашық пікірталасқа құрылған. Жүргізушілер де түрлі мәселеге қатысты ойларын ашық айтып, қонаққа өткір сауалдар қояды.

[:]