АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Мақсаттарың не»: Танымал әнші Ләйлә Сұлтанқызын әбігерге түсірді (видео)

Елімізге белгілі әнші Құрмаш Маханов Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтай жүргізетін «Өз ойым» бағдарламасын сынап тастады. Студияға қонақ болып келген эстрада жұлдызы бағдарламаның қандай мақсаты барын тікелей сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Плагиат әндер тақырыбы қозғалған шығарылымда бағдарлама студиясына Құрмаш Маханов келді.

Ол әңгіме барысында тележүргізушілерден бағдарлама мақсатын айтуды өтінді.

«Мына бағдарламаның мақсаты не? Маған соны айта аласыздар ма? Бұл тақырып болмаса да, жалпы бағдарламаның мақсаты не?», -деп сұрады әнші.

Махановтың бұл сұрағына ашуланған Ләйлә Сұлтанқызы оған ұрысып тастады.

 

«Құрмаш, сен не мақсат сұрап отырсың? Не мақсат керек? Әр хабардан сен шешім күтесің бе өмірде?»,- деді тележүргізуші.