АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мақпал Жүнісова үйіне келген бетперделі адамды танымай әлекке түсті (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Камераға түсіп қалдыңыз, абайлаңыз!

Халықтың «ерке қызы» атанған белгілі әнші Мақпал Жүнісованың үйіне бетперде таққан беймәлім бір адам кірмекші болған. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің жазуынша, әлгі адам оның есігінің қоңырауын жарты сағат басып тұрыпты.

«Жарты сағат біздің есіктің қоңырауын басқан кім екен!? Карантин болғасын неғып жүр екен? Камераға түсіп қалдыңыз, абайлаңыз, танысаңыздар, аты-жөні кім?», — деп жазды әнші желіде.

Халық әртісінің бұл жазбасы мен видеосын көрген оқырмандар болса, ойларын сан-саққа жүгіртті.

Мәселен, желі қолданушылары: «Жарты сағат ол неге қоңыраулатады? Таныс адам болса, жарты сағат тұрмай звандайды ғой. Демек, ұры болуы мүмкін», «Мыналар сау адамдар емес секілді. Ұры сияқты. Ит болса, түнде шарбаққа итті бос қою керек. Итке талату керек, оңбағандарды. Мақпал, Мерей аман болыңыздар!», «Кіргізіп, самаурын қайнатып, шай бермедіңіз бе?», — деп пікір қалдырды.

 

 

[:]