АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мақпал Жүнісова тағы қар тазалап жүр (видео)[:]

[:kz]

 

Танымал әнші Мақпал Жүнісова үйінің алдындағы қарды өзі тазалап жүр. Себебі, үй күзететін күзетшілері жұмысқа шықпаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Видеоны әнші Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Бейнежазбада Мақпал ауласындағы қарды тазалауға шыққанын айтады. Әнші қар жауған күні жұмысқа шықпаған күзетшілеріне қатты ренжіген.

Алматыда қатты қар жауып жатыр. Нұр деп есептейік. Қар тазалап жүрмін. Күзетшілер демалып жатыр. Рақат. Ай сайын жалақыларын алады. Осындай кезде телефондарын көтермей қалады әйтеуір. Қар тазаламас үшін ғой. Тегін тазаламайды оған ақша алады,

— дейді Мақпал Жүнісова.

Әнші бұрын да өзінің қар күреп жүрген сәтінен түсірілген видеосын желіге салатын.

[:]