Халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнаға жартылай жалаңаштанып шығып, тәнін көрсетуге әлек жұлдыздарды сынға алды. Әнші өнердегі сіңлілеріне бірнеше рет ескерту жасағанымен, әншіні тыңдайтын құлақ табылмаған деп хабарлайды ShowNewsKZ бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Мақпал Жүнісова сахнаға тәнін жалтыратып шығатын өнер иелеріне тағы да шамданды.

“Оларға айтқан сайын, олар одан сайын шешініп жатыр. Одан сайын сахнаға жатып алып, аяқтарын көтеріп жүр.

Гәккудің концертінен көрдім. Соның бәрі дұрыс па? Заң шығару керек. Өзбекстандағыдай шешінетін қыздардың барлығының көзін құрту керек, болды”, – дейді халық әртісі.

Өнер иесінің сөзін әнші Жігер Ауыпбаев та қолдай кетті.

“Тым өнердің соңынан қуып, шектен шығып кетуге де болмайды. Өзім ондайға қарсымын”, – деді жұлдыз.

 
  

Рубрика: