АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Макгрегор жүрісін айнытпай салған қазақстандық балақайға жауап берді (видео)[:]

[:kz]

UFC жұлдызы Конор Макгрегор жүрісін айнытпай салған қазақстандық таэквондошының видеосын әлеуметтік желіде жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Ролик ирландиялық спортшының Instagram-дағы парақшасындапайда болды.Кадрдан жас қазақстандық таеквондошының татамиді айналып, Макгрегордың әлемге әйгілі жүрісін қайталағанын байқауға болады. «О, жасаған! Мына бала миллиардтаған доллар тұрады», — деді UFC жұлдызы видеоның астындағы жазбада.

Мұны көрген желі оқырмандары таеквондошының әрекетіне ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, пікір қалдырғандардың арасында қазақстандықтар да бар.

  

[:]