АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Мака, кәуап жасамай-ақ қой…»: итті тоңазытқыштың есігімен қылғындырған адам ұсталды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам видеоға түсірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео Instagram желісіндегі «Доброе сердце» парақшасында жарияланды.
Видеоны ер адамның танысы түсірген. Ол итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған танысына: «Мака, қой, кәуап жасамай-ақ қой, керек емес», — дейді. Алайда, ол өз әрекетін тоқтатпады.

Атырау облысының Полиция департаменті осы видеоға қатысты тексеріс бастады.

«Бұл оқиға 31 мамырда Еркінқала ауылының шетінде болған. Ер адам итті тоңазытқыштың есігімен қылғындырған. Күдікті анықталып, ұсталды», — деді полицейлер.

 

[:]