13 февраля, 2020 Comments Off on «Маймыл қалпында қалыпты»: халық әртісі концертке келген балалы әйелді залдан қуып шықты (ВИДЕО)

«Маймыл қалпында қалыпты»: халық әртісі концертке келген балалы әйелді залдан қуып шықты (ВИДЕО)

Желі белсенділеріне әншінің әрекеті жақпай қалса, кейбірі залдан қуып жібергенін құптады.

Өзбекстанның Халық әртісі Юлдуз Усманова концертіне баламен келген әйелді залдан қуып шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халық әртісі қызының жаңа альбомының тұсаукесерін өткізіп жатқан. Балалы әйелді қуып шыққан видео Instagram-дағы @upl_uz парақшасында жарияланды.

Танымал әнші жылаған баланың даусын көтере алмай, концертті тоқтатып, әйелден залдан шығып кетуін сұраған.

"Жылап отырған балаңызды алып, мына жерден шығыңыз... жүйкемді жұқартты. Шығыңыз", – деп айқайлады әртіс.

Желі белсенділеріне әншінің әрекеті жақпай қалса, кейбірі залдан қуып жібергенін құптады.

"Немерелерің бар емес пе? Бала болғасын жылайды, мінез көрсетеді. Қалыпты жағдай", "Балаға сонша қаталдық көрсеткені несі?", "Дұрыс, баланы концертке апарғаны несі? Бала ондайды түсінбейді ғой. Қанша баланы жақсы көрсек те, жылаған дауыс мазаны қашыратыны рас", "Концерт бала апаратын жер емес", "Маймыл қалпында қалыпты, 15 жыл бұрын шымкенттіктер осы әншіні маймылға теңеген болатын", "анасы баласы жылаған бойда сыртқа шығып кетуі тиіс еді", - деп шуласты олар.

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.