23 февраля, 2019 Comments Off on Люк қақпағын ұрлаған адам соның кесірінен бір періштенің өлгенін біле ме екен?

Люк қақпағын ұрлаған адам соның кесірінен бір періштенің өлгенін біле ме екен?

 

Біздің елде айна ұрлау люк қақпағын ұрлау деген ешқашан тоқтамайды-ау. Астанаға ғана емес еліміздің барлық аймағына тән проблема. Студент кезімде Алматыда,Пушкин кітапxанасының алдындағы жолаушылар өтетін жерасты жолындағы люктардың біріне түсіп кеткенім әлі есімде. Бүкіл жерүстіндегі сулар сол люктарға ағып кеп құйылады. Адамдар қар аралас суды кешіп,секіріп-секіріп өте шығатын. Мен де секіріп өте қоямын деп ағып жатқан суға құлағанмын. Сөйтсем тура сол ашық люктің үстіне күмп ете қалған екенмін. Су жан-жақтан қатты кеп құйылып жатқандықтан,су астында темірлер бар ма жоқ па көрінбейді. Жанұшыра көмекке шақырып жатырмын. Басым ғана көрініп судың астында 4-5 минут тұрдым.Білмеймін әйтеуір бірнәрсе аяғымнан ұстап тұрғандай болды. Құдай өзі сақтап екі жақтан 2 адам малмандай су болған мені әрең шығарып алды. Қарлы,лас суға тегін «шомылып» шыққан соң өліп ауыратын шығармын деп едім,мұнда да құдай сақтады. Сол оқиғадан кейін люктарды көрсем айналып қашам және қанша жыл өтсе де бұл ұрлық «түрленіп», түбірін жәйіп барады. Тоқтау жоқ.Бақылау жоқ. Жаза жоқ. Кейде ізім-ғайым жоқ болып кеткен адамдар туралы оқысам сондай ашық люктарға түсіп ағып кеткендей көрінеді. 3 күн бұрын Астанадағы жоғалған 13 жастағы Бақдәулетті бүкіл жұрт болып іздеді. Еріктілер еш жерден таппаған. Сөйтсе,сырғанаққа кеткен баланың өлі денесі бүгін үйінен 150 метр жердегі люктің ішінде табылды. Люк қақпағын ұрлаған адам соның кесірінен бір періштенің өлгенін біле ме екен? Сол қақпақты сатып біреудің қанымен нанын тауып жеді-ау ол да.

 

facebook.com

Загрузка...

Комментирование закрыто.