АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Латвиядағы орыс жастары орыс тілінде сөйлеуге арланады[:]

[:kz]

ТМД елдерінің азаттық алғаннан кейін жүргізген тілдік реформалары қазақ, қырғыз және белорустан басқа елдерде «бір ұлт — бір тіл» қағидасына сүйенді.  Осылардың ішінде тек Қазақстанда ғана көпұлтымыз деп даңғазалану науқаны әлі толастамай отыр.

Шын мәнісінде қазақ жерінде ірі үш-ақ дисапора бар: орыс, өзбек және ұйғыр. Осы дисапоралардың екеуінің өз ұлттық театры әлі күнге жұмыс істеуде. Әрі осы ұлттар және тәжіктер өз ана тілінде білім беретін мектептерде балаларын оқытып келеді. Өзге аз санды ұлттар баларын тек орыс мектептеріне беріп, көпшілігі қазақ тілін еш керек қылмай отбасы ошақ қасында өз ана тілінде ғана сөйлеп келеді.

Бұның барлығы «бір ұлт — бір тіл» қағидасы ескерілмей, ел болашағы үшін қауіпті қоғамды қазақ және орыс тілді алаш қауымдастығына бөлу процесі өріс алды. Үкімет ақшасы қазақ тіліндегі медиа кеңістікті дамытудың орнына орыс тіліндегі БАҚ ұстауға орынсыз жұмсалып жатыр. Ұлтымыз екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді дейді. 30 жылдан бері өзге тілді мектептерде тәлім алған шәкірттер қазақ тілінде сөйлеуге арланып, «тілдік мылқау» атанып мектеп қабырғасынан үлкен өмірге аттанып жатыр.

Орыспен қорқытып, мектептеріне тисе қалсақ, «бейбіт қатынасымызға қылау түседі» деген фобиядан арылатын кез туды. Дәл біздей солтүстіктегі көршімізбен ортақ шекарасы бар Латвия тілі үшін күресте жеңіске жетті. Осы елдің жастар Сейміне сайланған ригалық Татьяна Андриец  өзінің орыс тілінің сақталып қалуы үшін күресетінін мәлімдеді.

Бірақ ондағы орыс жастары орыс тілінде сөйлеуге арланады екен. Енді Президенттіктен үміткерлер тіліміз салтанат құруы үшін өздерінің бағдарламасын қалай дайындап, біз сияқты қазақ тілді аудиторияның көңілін қалай аулайды. Үш тілділік тұжырымдасы тек орыс тілді мектептерге қатысты жүзеге асыратылатына ел тізгінін ұстауға ниет еткендер уәде беріп, сайлана қалса осы бағдарламаны жүзеге асыра ала ма?

Бізден орыс тілділердің ауа көшуі басты себебі осы үш тілділіктің «орыс мектептерін» жабуға жасалған қадам деп ұғынуында. «Қазақ жерінде орыс мектебі болмайды, оның орнын үш тілді мектеп басады» дегенді ашық айтатын уақыт жетті. Сонда онда білім алып шыққан өзге ұлт өкілдері орыс тілінде сөйлеуге арланатын болады.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

[:]