Сотқа шағым түсіргенін Instagram желісінде Ләйлә Сұлтанқызының өзі де жазды.

Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.  ға сілтеме жасаған Skifnews.kz 

Сұлтанқызының адвокаттарының айтуынша, сотқа шағымдануға әлеуметтік желілерде Ләйлә Сұлтанқызы жайлы көрінеу жалған мәлімет тарату және ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін пікірлер себеп болған.  

“Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Жеке адамның қадір-қасиеті жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің нормаларымен қорғалады. Олардың арасында жала жабу және адамды қорлау. Егер адамның “пікірі” болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс”, – деп мәлімдеді Ләйлә Сұлтанқызының құқыққорғаушылары. Сотқа шағым түсіргенін Instagram желісінде Ләйлә Сұлтанқызының өзі де жазды. 

 

Рубрика: