30 марта, 2019 Comments Off on Қызылордадағы апаттан екі әскеридің денесі бөлшектеніп кеткендіктен тану мүмкін болмай жатыр

Қызылордадағы апаттан екі әскеридің денесі бөлшектеніп кеткендіктен тану мүмкін болмай жатыр

Қызылорда облысында қаза тапқан әскерилердің мүрделері түгел табылып, алтауының жеке басы анықталды. Апат орнынан бүгін жеткізілген үш марқұмның денелері зерттеліп жатыр. Сараптама жүргізіп жатқан мамандар, әсіресе, екі әскеридің тұлғасын анықтау қиындық тудыратынын айтты. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 "Алты әскеридің тұлғасы анықталды. Жетеуіне тұлғасын анықтау жұмыстары мен  сараптама тағайындалды. Енді бөлшектеніп кеткен 2 мәйіт бар, соны құрастырамыз, қараймыз, жеке басын анықтаймыз. Ерекше белгілерін анықтаймыз, соған байланысты. Және киімдері бойынша қараймыз. Сол бойынша анықтау жұмыстарын жүргіземіз",-  деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары Рахымжан Әліп.

Тікұшақ апатынан қаза тапқан 13 әскери қызметкердің де денелері Қызылорда қаласындағы сот-сараптамалық орталықтың мәйітханасына жеткізілген еді. Кім екені нақтыланғандарды бүгін облыстық аурухананың мәйітханасына ауыстырып жатыр.

Жоспар бойынша оларды ертең туған жерлеріне жіберу керек. Ал, сараптама жүргізіліп жатқандары толық танылған соң қайтарылмақ. Апат орын алған Жалағаш ауданында қазір төтенше жағдайлар департаменті мен әскери әуе күштерінің сарбаздары тікұшақ қалдықтарын жинауда.

 Stan.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.