АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылордада дәрігер жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан медбикені соққыға жыққан[:]

[:kz]

 

Қызылордада онкологиялық орталық дәрігері жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан медбикені соққыға жыққан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға туралы белсенді Zhamilya Kassymkhan Facebook әлеуметтік желісіндегі қызылордалық топта жазды. Белсендінің айтуынша, оқиға 2022 жылдың 3 наурызында онкологиялық орталықта болған. Жазбада ақылы хирургия бөлімінің хирургі А.К. мен реаниматолог М.А. түнгі ауысымда ішімдік ішкені айтылған.

«Түнгі ауысым. Реаниматолог М.А. медбике А-ны 5-қабаттағы басқа блокқа шақырып, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасай бастайды. Медбике төбелесіп, оның қолын тістеп алаған. Бірақ реаниматолог құштарлығын көрсетуді тоқтатпаған. Қыз бұл әрекет жұмыс орнында жәбірлеу екенін айтқан, бірақ мас реаниматолог тоқтамай, оны ұрып-соққан. Бас тартқаны үшін қызды баспалдақтан итеріп жіберген. Қорыққан қыз қашуға тырысады, бірақ ол үндемеуді бұйырған, әйтпесе жұмыстан кетеді. Кейін ол медбикеге бірнеше рет телефон соғып, мұз әкелуін сұраған. Сондай-ақ, массаж жасау үшін басқа медбикені шақырған», — деп жазды жазба авторы.

Одан әрі Zhamilya Kassymkhan дәл осы уақытта мас күйдегі хирург А.К науқасқа шықпақ болғанын жазады. Басқа медбикелер оны тыныштандыруға тырысқан. Дәрігерлердің әрекеті жайлы естіген облыстық онкология диспансерінің емдеу бөлімі директорының орынбасары түнде келіп, мас хирургтарды көрген, бірақ ешқандай шара қолданбаған.

«Түрлі бөлімше медбикелерімен сөйлескеннен кейін, бұл дәрігерлер түнгі ауысымда интим массаж жасауға, жұмыс орнында жыныстық қатынасқа түсуге көндіретінін білдім. Бәрі үндемейді, қорқады. Медбике А., директор мен оның орынбасарына, одан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен полицияға арыз жазған. Еш жерде қарастырылмаған. Кеше қыз 102-ге хабарласқан кезде ғана полиция арызды тіркеген», — деп қосты ол.

Сурет: әлеуметтік желіден алынған

Қызылорда облыстық онкологиялық орталық бұл оқиғадан хабардармыз деп жауап беріп, оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізілгенін айтты.

«Сіз сипаттаған оқиға бойынша 2022 жылдың 15 наурызында медбике А-ның анасы арызданған. Осыған байланысты қызметтік тексеріс жүргізу үшін комиссия құрылды. 16 наурызда дәрігерлер А.М. және К.А-мен еңбек шарты бұзылды. Сіз берген ақпарат жалған (бұл дәрігерлер жұмысын жалғастырып жатыр деген). Қылмыс туралы арызға келсек, бұл мәселені қарау Облыстық онкологиялық орталық құзыретіне жатпайды, осыған байланысты құқық қорғау органдарына хабарласыңыз», — деді онкологиялық орталық өкілдері.

Қызылорда облысының Полиция департаменті арыз бойынша Қызылорда қалалық ПБ тексеру шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.

[:]