АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қытайлық ұшақпен улы заттар шашып жатыр»: деп тараған ақпарат рас па ?[:]

[:kz]

 

 

WhatsApp арқылы химиялық радиоактивті заттарды шашады деген «қытайлық ұшақ» туралы ақпараттық хабарлама таратылуда.

Автор ұшақтың маршрутын көрсететін flightradar24 сайтындағы картаның скриншотын тіркеді.

Stopfake.kz хабарлағандай, суретте Qatar Airways авиакомпаниясының қарапайым азаматтық жолаушылар ұшағы бейнеленген, ол Пекиннен Дохаға тұрақты рейсін жүргізген.

Бұл ақпаратты индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі растады деп жазады stan.kz ақпараттық сайты Stopfake.kz не сілтеме жасап 

«Qatar Airways авиакомпаниясының Пекин — Доха бағыты бойынша Boing 777 мемлекеттік нөмірі A7-BAL әуе кемесімен тұрақты QR8069 рейсі 2020 жылдың 13 қыркүйегінде орындалды. Ұшақ RULAD нүктесі арқылы сағат 06.08-де Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіріп, сағат 06.46-да Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінен шықты. Қазақстанның әуе кеңістігін кесіп өткен кезде ұшақтың биіктігі 11 мың метрді құрады. Бұл рейс күн сайын орындалады», — деп хабарлады министрлік.

Департамент ұшақтан химиялық заттар шашылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Мұндай биіктікте кез-келген химиялық заттарды шашырату мүмкін емес», — деп атап өтті индустрия министрлігі.

Мұндай типтегі ұшақтар жабдықталмаған, деп толықтырды департамент.

Жерден байқалатын құбылыс — бұл ұшақтың конденсация ізі, деп жазды Stopfake.kz.

«Қарапайым тілмен айтқанда, бұл тұман немесе кәдімгі өте кішкентай мұз кристалдары. Олар кәдімгі суға қарағанда баяу буланып кетеді, сондықтан ақ із аспанда ұзақ уақыт сақталады. Ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, жолақ соғұрлым ұзағырақ және жарық болады», — делінген сайтта.

 

[:]