АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайлық миллиардер қазақтар туралы не ойлайтынын айтты — видео [:]

[:kz]

Картинки по запросу Джек Ма

Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болғанын жеткізді

Қытайлық миллиардер, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында президенттің телерадио кешеніне сұқбат берді.

Қытай бизнесменінің сұқбаты «Барыс пен айдаһар стратегиясы: өзара құрмет және мәңгілік серіктестік» атты деректі фильмге енген.

«Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден тамаша әсер алдым. Ол — мықты көшбасшы, адамды жігерлендіреді. Туған еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болдым. Кездесу керемет өтті», — дейді Джек Ма.

Ол Қазақстанда үш-төрт рет болғанын атап өтіп, қазақ елін не үшін жақсы көретінін айтты.

«Әр сапарымда маған бірнеше нәрсе қатты әсер етті. Мемлекеттің көркемдігі, ұлы тұлғалары, қаһармандары, сондай-ақ халықтың еңбекқорлығы. Қазақстанға барған сайын көрікті жерлерді аралаймын. Елдеріңізді, мәдениетіңізді жақсы көремін, жаңа достар тапқанды ұнатамын. Геннадий Головкин сынды қаһармандарыңыз бар! Сіздерде өте қонақжай адамдар тұрады», — дейді миллиардер.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға мемлекеттік сапармен барді. Президент сапары аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік тобымен келіссөз өткізді, сондай-ақ Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездескен.

sputniknews.kz

[:]