Өткенде.

Көшенің арғы бетіндегі көршім,қытайларға екі жүз мың теңге беріп, УАЗиктің шөпірі болыпты. Вахтаға. Он бес күнге 140 мың теңге екен. Соған өзі мəз. “Ақшаны қытайдың өзі алды ма?” – десем. “Иə. Өзіне бердім” – дейді… Мляяя, ішім удай ашыды ғой… Қазақстанда жүріп, қазақтан пара алып, қазақты жұмысқа жегіп жүрген қытайларға… 

Алдында.

Біреулер қытайлар тендерден 140 миллионның жұмысын ұттырып бергені үшін, 35 миллион теңге “шəпкесін” алыпты дегенде, сенбеп едім.

Бүгін білдім.

Сөйтсем… бұл қалыпты жағдай екен ғой…

 

Малик Ораков

Фейсбуктегі парақшасынан

Рубрика: