АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой»: Мақпал Жүнісова өзін айыптағандарға жауап берді (видео)[:]

[:kz]

 

 

Мақпал Жүнісова өзін айыптағандарға жауап берді. Әсіресе, әншінің жас қазақ қыздары мен жігіттеріне өкпесі қара қазандай. Ел алдында ақталған халық әртісі әркімнің таңдауына құрметпен қарау керек дегенді айтты. 

Мақпал Жүнісова көпшілікке видео үндеу жолдады. 

 

«Мені қаралаған, маған қара күйе жапқысы келетіндерге айтарым. Мен 15 жылдан бері Зәкеңнің шаңырағының түтінін түтетіп отырмын. Ешкімге алақан жайған жоқпын. Өз күнімді өзім көрдім. Қызымды өсірдім. Отанды сатып кеткен ештеңем жоқ. Әсіресе, жап-жас қазақ қыздары мен жас қазақ жігіттері үшін адамды мазақ қылу деген түкке тұрмайтын дүние болыпты. Біреуді қаралаған, күйе жапқан, жала жапқан адамдарды Аллаға тапсырдым. Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой. Өзімнің арым таза екенін білем. Қызым да биыл алғаш рет сайлауға барып, өз таңдауын жасады. Әркімнің өз таңдауы болады», — деді халық әртісі парақшасында. 

Желідегі кей арналар халық әртісі марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовті сатып кетті, ол қарсы болған жүйеге жақын болды деп айыптап жатты. 

Жүнісова өзін айыптаған ағайынға Мұқағалидің өлеңімен жауап берді. 

Әншіні желідегі оқырманы мен әріптестері қолдады.

«Маке, жаным. Алланы көзі түзу. Алтын журекті әпкем менің. Жақсы адамның артынан сөз ереді демекші, ешқандай жаман сөзге мән бермеңіз. Біз сізді қатты жақсы көреміз», — деп жазды әнші Шахизада.

«Өресі төмен, ақылы аз, сезімі саяздарға жүйкеңді тоздырма! Олар жамандық істегеннен күш алатын вампирлер ғой, қалай түсінбейсің. Бор кеміктенбей, темір бол! Не естімей келе жатқан құлақ, не көрмей келе жатқан көз! Керуенің алда. Мерейің үстем, халқың жаныңда, анаң алдыңда, бауырың бүтін болсын! Қаңқу сөздерден сен қайта жігерлене, қайраттана түс! Алланың қолдауында жүр!».

«Я жұрт не демейді? Оңбағандық қой. Заманбектің түтінін түтетіп отыр ғой. Бір жаман аты шыққан жоқ.Талай өлең айтып тұрып, жылағанын көрдік сахнада. Мұңайма, Мақпал. Сен тамаша әншісің. Біз сені жақсы көреміз. Денсаулығың зор болсын».

«Мақпалжан, туған күнің құтты болсын!!! Зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Мерейжанның қызығын көр. Көңіліңді түсірме сөйлеген ел сен сияқты болып алсын. Еңсеңді түсірме, қазақтың ерке қызы», — деп жазды оқырмандары.

[:]