АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайдың ең бай адамы Қазақстанға 5 мың қорғаныс костюм мен жартымиллионға жуық маска жіберді[:]

[:kz]

Қытайлық танымал миллиардер Джек Ма Қазақстанға коронавируспен күресте жеке бас қорғаныс құралдарын жіберді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5000 арнайы қорғаныс костюмі мен жартымиллионға жуық маскалар тиелген жүк Алматыға 10 сәуірде келді.

«Қытайдағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) Джек Ма мен Alibaba қорынан медициналық қорғаныс құралдары келді», — делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

Көлемі 4,5 тоннадан асатын жүкке 500 мың медициналық маскалар, бес мың қорғаныш костюмдері, 50 мың медициналық қолғаптар, сондай-ақ байланыссыз термометрлер кіреді.

Сондай-ақ, алдағы күндері СOVID-19 экспресс-тестілер мен осы қорлардан өкпені жасанды желдету аппараттары келеді деп  күтілуде

[:]