«Мұндай айла-тәсіл геосаясаттың бір бөлігі екенін түсінуіміз керек, оның мақсаты – халықтың бірлігін бұзу».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында соңғы күндері халық арсында өршіп кеткен Қытайдың 55 компаниясына қатысты өзінің пікірін білдірді, деп жазады qamshy.kz.

«Тағы да шегелеп айтамын, жерімізді ешкімге бермейміз. Халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз. Елде әртүрлі қауесет тарап жүр. «Көрші елдің 55 компаниясы көшіп келеді екен, жер шетелдіктерге сатылады» деген. 

Мұның бәрі жалған, қауесет. Шетелдік инвестициялар елдегі игеру қажет салаларға тартылады. Мұндай қауесет зұлым адамдардан шығады. Соның ішінде эмоционалды адамдарды өздерінің нақты мақсаттарына жету үшін пайдалану.

Мұндай айла-тәсіл геосаясаттың бір бөлігі екенін түсінуіміз керек, оның мақсаты – халықтың бірлігін бұзу. Қазақстандағы жағдайдың тұрақтылығын бұзу», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында.

Рубрика: